PoliticsБасты

Үкіметте Қазақстанның сыртқы сауда трендтері қаралды

Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағындарына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауарларды жеткізу логистикасы туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әркет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button