ӘлемБасты

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы 8 алтын медаль алды

Бүгін, 30 мамырда Дубайда (БАӘ) бокстан Азия чемпионатының қыздар арасындағы финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық сында Қазақстанның тоғыз өкілі өнер көрсетті. Олар Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Владислава Кухта (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі),  Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Финалда бақ сынаған тоғыз боксшымыздың сегізі алтын медаль алды. Тек 57 келіде жұдырықтасқан Владислава Кухта ғана ақтық сында сүрініп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Ал жартылай финалда жеңілген Марина Вольнова (75 келі) құрлық біріншілігінің қола медаліне ие болды.

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатында 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль алып, жалпы командалық есепте көш бастады.

Айта кетейік, ертең ерлер арасындағы финалдық кездесулер өтеді. Бес қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button