Social

Қарулы күштер Арнайы операциялар күштерінің құрылғанына бір жыл толды

Қазақстан Республикасы Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Мемлекет басшысының армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру және Қарулы күштердің жұмысын қайта құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде құрылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Арнайы операциялар күштері елдің қорғаныс қабілетін, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, оның ішінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу және заңсыз қарулы құралымдарға қарсы арнайы міндеттерді шешуге арналған құрылым.

Осы уақыт ішінде Қорғаныс министрлігі қолбасшылықтың күштері мен құралдар құрамын, міндеттері мен функцияларын айқындады. Жыл бойы басқару органдарын, арнайы операциялар күштерінің бөлімшелерін құзыретті мамандармен жасақтау, оларды заманауи техникамен, қару-жарақпен және оқу-материалдық базамен жарақтандыру жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button