SocialБасты

Елдегі бес қылмыскерлердің төртеуі – жұмыссыз

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9%-ға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыс жасаса, 7,2 мың адам – орташа ауыр қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – жеңіл қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыс жасаған.

Салыстыратын болсақ, 2020 жылдың осы кезеңінде қылмыстық құқық бұзған 20,4 мың адам ұсталды.

Өңірлік бөліністе қылмыскерлердің басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 2,4 мың адам – бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,5%-ға аз. Антилидерлердің үштігіне Алматы (2,3 мың адам, минус 5,8%) және Астана (1,7 мың адам, плюс 8,5%) қалалары кіреді.

Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында тіркелген: 436 адам, бір жыл бұрын 466 адам болған.

Қылмыскерлер санының өсуі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (10,9%-ға, 801 адамға дейін), қысқаруы бойыныша Жамбыл облысы (15,2%-ға, 832 адамға дейін) алда келеді.

Қылмыскерлердің 79,2% немесе 15,8 мыңы – жұмыссыздар. Олардың саны бір жылда 3,3%-ға қысқарды. Тағы 1,4 мың тәртіп бұзушы жұмысшы, 381 адам – мемлекеттік қызметкер, 339 адам — білім алушы, 261 адам жеке кәсіпкер болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button