Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 50%-ы кезекші сыныптарға оқуға өтініш білдірген, деп хабарлайды Jana-kezen.kz әкімдіктің ресми сайтына с ілтеме жасап.
Алдағы оқу жылы оқушыларға арналған қашықтықтан оқыту форматында басталатыны белгілі. Тек 1-4 сыныптар үшін ата-аналардың өтініші негізінде балалар саны 15-тен аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан, әр сыныптың үзіліс уақыты әртүрлі. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 50%-ы кезекші сыныптарға оқуға өтініш білдіріп отыр. Бұл 3002 кезекші сыныпты құрайды.
Оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі:
1) сабақтың ұзақтығы – 40 минут; 1 – сыныпта-сатылы режим;
2) Әр сынып үшін әр түрлі уақыттағы үзілістер;
3) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
4) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
5) білім алушыларға жеке парта мен орындықты бекіту;
6) білім алушылардың жеке оқу материалдарын пайдалануы (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.);
7) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау.
«Ата-аналар балаларды кезекші сыныптарда оқуға жібере отырып, балалардың қоғамдық ортада болатындығына түсіністікпен қарап отыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыруды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады, – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова. – Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептер қажетті жабдықтармен және дезинфекциялық құралдар қорымен қамтамасыз етілді. Кіре берістегі дезинфекциялық кілемше, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинақтарды қамтамасыз етуге арналған құралдар.»
Ата-аналар өз балаларына әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіруі тиіс. Балаларды ата-аналары мектептің сыртқы есігіне дейін апарып, сабақ аяқталғаннан кейін алып кетеді. Яғни, ата-аналар мектеп ішіне кіргізілмейді.