PoliticsБасты

Батырбек Байбосынов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды

Батырбек Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген өкім мәтінінде.

Батырбек Бердібайұлы Байбосынов 1978 жылы 6 қаңтарда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген.

Білімі: ҚР ҰҚК Әскери институты, мамандығы «Байланысты ұйымдастыру, бөлімшелер мен бөлімдерде арнаулы байланысты қолдану»;

«Тұран-Астана» университеті, мамандығы «Юриспруденция».

2000-2002 жж. ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әртүрлі лауазымдардағы қызмет.

2002-2021 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.

2021 жылғы тамызда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button