SocialБасты

Қазақстанда армян нөмірлері бар көліктерді қайта тіркеу мерзімі ұзартылды

Үкіметтің 2020 жылғы 24 наурыздағы қаулысымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, қазақстандықтар үшін Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу құқығының мерзімі 2023 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.

Бұған дейін бұл мерзім 2022 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген болатын.

Құжатқа сәйкес, Армениядан келген көлік иелері оны тағы бір жыл айдай алады және осы бір жылдың ішінде Қазақстанда қайта тіркеуге қойып, сәйкесінше барлық алымдар мен төлемдерді төлеуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button