Қазақстанда 35 806 ОСИ (мүлік иелерінің бірлестіктері) және қарапайым серіктестіктер құрылды. Басқарудың жаңа нысандарының басым бөлігі Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандары «мүлік иелерінің бір бірлестігі — бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Осылайша, тұрғындардың жиналған қаражатын пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етілді. Қаражат тек нақты көп пәтерлі тұрғын үйді басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын. Заң шеңберінде пәтер иелері кооперативтерінің орнына ОСИ мен қарапайым серіктестіктер құрылып жатыр.
Азаматтар ОСИ/ қарапайым серіктестіктер құру төңірегіндегі сұрақтары бойынша мына info@zhkh.kz мекенжайына хабарласа алады. Сондай-ақ suraqtar.kz платформасы арқылы сұрақ жолдап, қосымша ақпаратпен Zhkh.kz сайты арқылы таныса алады. Азаматтарды автоматтандырылған ақпараттандыру жүйесімен қамту үшін @kazcenter_zhkh_bot Telegram боты іске қосылды.