BusinessБасты

ШОБ «Атамекен» ҰКП-ға жарна төлеуден босатылады

Мұндай шешім елордада өтіп жатқан «Атамекен» ҰКП-ның IX кезектен тыс съезінде қабылданды.

«Шағын және микробизнесті Атамекен ҰКП-ға міндетті мүшелік жарнаны төлеуден босату» ұсынылды. Осыған дейін Мемлекет басшысы шағын бизнесті мүшелік жарна төлеуден босатуды тапсырған еді. Бүгінде 21 мыңнан аса шағын бизнес субъектілері немесе олардың 74% мүшелік жарнаны төлеушілер болып саналады. Бұл ретте жарнадан түсетін түсімдер 1,2 млрд теңге немесе жалпы түсімнің – 17%», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі Нариман Әбілшайықов.

Оның айтуынша, шағын және микро бизнес өкілдері жарна төлеуден болсатылса, жарна төлеушілер саны 29 мыңнан 7 мыңға дейін немесе 4 есе азаяды.

«Бұл шағын бизнеске айтарлықтай қолдау болады деп есептейміз», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button