EconomyБасты

Қазақстандық 400 кәсіпорынның өнімдері шетелге экспорталады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық экспортшыларға қандай көмек көрсетілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда тек 400 қазақстандық компания тұрақты түрде шетелге өнімін экспорттап отыр. Бұл белсенді кәсіпорындардың (елде өңдеу өнеркәсібі саласында 15 803 кәсіпорын бар) бар-жоғы 2,5 пайызы ғана. Жаһандық сауда алаңында қазақстандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты баяғыша төмен деңгейде», – деді Бақыт Сұлтанов министрліктің кеңейтілген отырысында.

Министрдің сөзіне сенсек, қазіргі таңда мемлекет экспортқа шыққысы келген кәсіпорындарға барынша қолдау білдіріп келеді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономкикалық текетірес пен өзге елдердің санкциялық дауы қазақстандық экспорттың одан ары төмендеп кетпеуіне аз болсын септігін тигізуде.

«2019 жылы 92 экспортер кәсіпорын құны 139,9 млрд теңгелік жеңілдетілген несиемен қамтылса, тағы 74 экспортер 90 млрд теңгелік сақтандыру бойынша қолдауға ие болды. Тағы 3 млрд теңге сервистік қолдауға жұмсалды. Осының арқасында 139 экспортқа бейім кәсіпорын өзінің көліктік шығынын 4 млрд теңгеге азайтуға мүмкіндік алды. Теміржол, авиа және автотасымалдың көмегімен қазақстандық өнім Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қытайға өткізілді», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button