ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Аталған құрылымды реформалаудың ұсынылып отырған жолдары туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндады.
Үкімет басшысы қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды.