2021 жылдың 19 қарашасынан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 рет орындалады.
Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамытуға ықпал етеді.