PoliticsTechБасты

ШҚО-да қазір 100-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр – Даниал Ахметов

Пандемияның кедергілеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының даму қарқыны жоғары. Бұл туралы аймақ әкімі облыстық мәслихаттың VII сессиясында айтты.

Даниал Ахметовтың айтуынша, негізгі инфрақұрылымдық жобалар Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр. Ең маңыздыларының бірі – «Бұқтырма» су қоймасы арқылы өтетін автомобиль көпірін салу. Бұл ауқымды жоба аймақтың бірқатар көліктік-логистикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді және шалғай ауыл халқының орталыққа келіп-кету уақыты қысқарады. Бұдан бөлек, көпір аймақ туризмін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Облыс үшін маңызды жобалардың қатарында «Сергек» камераларын орнату, жолдарға асфальт төсеу, қазандықтар мен автожол көпірін жөндеу, Семейде екі мектеп салу, Үржар әуежайын жаңарту, облыстың ірі қалаларындағы айналма жолдарды салу, Өскемендегі гематологиялық орталықты, сондай-ақ Глубокое кентінде «Тұрғысын» су электр станциясы мен жылыту қазандығын салу жұмыстары бар. Глубокое кентінде салынып жатқан қазандық өңірді жылумен қамтамасыз етудегі жаңа қадам. Егер заманауи еуропалық технология бойынша салынып жатқан жаңа қазандық сынақтан тиісті деңгейде өтсе, облыстың басқа аудандарына да осындай жылыту қазандықтары салынатын болады.

Облыс әкімдігі жұмысының тағы бір бағыты – шекара маңындағы аумақтарды және қазір ауқымды құрылыс жүріп жатқан бұрынғы аудан орталықтарын дамыту. Бұл жергілікті тұрғындардың тұрмысын түзеп, болашаққа деген сенімдерін нығайтады. Қазір жергілікті халық ауылдарына, тіпті ең шалғайдағы ауылдарға да ерекше көңіл бөлініп, жаңа мектептер салынып жатқанын, жолдардың жөнделе бастағанын, спорттық және мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатқанын көріп отыр.

«Жалпы, пандемияның тигізген зияндары мен келтірген кедергілеріне қарамастан, орташа республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда облыстың даму қарқыны жоғары және барлық сала бойынша көрсеткіштер өте жақсы. Қазір аймақтың инвестициялық қоржынында 102 жоба бар. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 жоба іске асырылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар міндетті түрде жалғасады», – деп мәлімдеді Даниал Ахметов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button