FinanceБасты

Доллар бағамы 430 теңгеден асты

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы қымбаттады.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 сәуір кешімен салыстырғанда 1,56 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 430,69 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 431,87 теңге сатылса, ал сатып алу – 430,35 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 431,45 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430, 27 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button