ҚР АҚДМ министрінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы.
2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.
2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.
2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.
2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.