PoliticsБасты

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім шығарды.

Үкімді сот отырысының онлайн трансляциясында тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева жариялады.

8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адаммен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге және тұрғын үйден шығуға тыйым салуды сұраған. Бұған жауап ретінде экс-министр оған айыпталушы емес адамдармен кездесуге, телефонмен сөйлесуге және электронды қосымшаларды пайдалануға рұқсат етілгенін айтты. Сондай-ақ, Біртанов оған қозғалыс құқығын беруді сұрады, өйткені оны қазіргі жұмысы талап етеді. Ол жеке компанияда жалдамалы директор болып жұмыс істейді.

Бірақ бүгінгі отырыста сот шешімімен күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырылмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button