Қазақстанда Экологиялық жастар театры ашылады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
«Жастардың экологиялық сауаттылығының деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта, министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар легі атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты»,- деді Аида Балаева.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы YouTube-арна ашу жоспарда бар екенін айтты.