IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин елге ұшып келді.
Боксшы Алматыдағы қайырымдылық шарасына қатысты. Лоттардың қатарында оның қолтаңбасы бар қолғаптары бар.
«Мен үйде болғаныма қуаныштымын», – деді Головкин.
Айта кетейік, іс-шараға Геннадийдің інісі Максим Головкин мен Ресейден келген танымал UFC жекпе жек спортшысы Зубайра Тухугов қатысты.