ӘлемБасты

Пәкістанда екі автобус соғылып, 12 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Синд провинциясында екі жолаушылар автобусы соғылып, салдарынан 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сәрсенбіде түс шамасында Синд провинциясының Хайрпур округіндегі тасжолда екі автобус соғылған. Апат орнына тез арада полиция мен құтқарушылар келді. Олар зардап шеккендер мен мерт болғандардың денелерін жақын жердегі ауруханаға жеткізді. Қайтыс болғандар арасында әйелдер мен балалар бар, зардап шеккендердің көбі ауыр жарақат алған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, алдын ала зерттеу нәтижесіне сәйкес апат жүргізушілердің біреуінің абайсыздығынан болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button