Басты

Тоқетері. Армениядан әкелінген көлікке салық

Армения мен Қазақстан машинаның қай елде тіркеуде тұрғанын бірге тексереді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Армениядан әкелінген көліктерге салық салу тәртібі туралы ақпарат таратты.

  1. Машина Армения Республикасының сәйкесінше органдарынан тіркеуден шыққан болуы керек. Әйтпесе машинаға салықты Қазақстан да, Армения да салуы мүмкін.
  2. Егер машина елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелініп, Қазақстан резидентінің атына рәсімделіп, Ішкі істер органдарында тіркелген болса, онда ол машинаға тек Қазақстан жағы ғана салық салады. Армениямен осындай келісім жасалған.
  3. Армения мен Қазақстан машинаның қай елде тіркеуде тұрғанын бірге тексереді.
  4. Қазақстан тарапы машина ел ішінде рәсімделген кезден бастап салық салады. Мысал. Егер машина 2020 жылдың 1 қарашасында тіркеуге қойылса, сол жылдың қарашасы мен желтоқсан айлары үшін салықты – 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу керек.
  5. Салық бекітілген мерзімде төленбеген жағдайда, өсімпұл күн сайын арта береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button