EconomyБасты

Биыл 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге жұмсалады – Әсет Ерғалиев

Биыл 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Жалпы 6 316 ауылдың ішінен даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді. Онда ауыл тұрғындарының 88 пайызы тұрады. Аталған ауылдар демографиялық көрсеткіштерге, экономикалық белсенділікке, инфрақұрылымның жай-күйіне қарай іріктелді. Бұл ауылдарды дамыту «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында бірінші кезекте жүзеге асырылатын болады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2019 жылы инфрақұрылымдар мен әлеуметтік игіліктерге қол жетімділігі жөнінде жаңа өңірлік стандарттар әзірленіп, бекітілді.

«Ауылдық елді мекендердің нысандармен қамтамасыз етілуі 2020 жылы республика бойынша 60,3 пайызды құрады. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1,3 млн адам тұратын 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға мүмкіндік береді», – деді Әсет Ерғалиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button