SocialБасты

Алматыда кинотеатрлар 17 сәуірден бастап ашылады

Алматыда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша 17 сәуірден бастап қайта ашылады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Сәдуақас Байғабылов «қызыл» аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды «билет кассалары» аймағына кіреберісте сканерленетінін мәлімдеді. «Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады.

«Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі «жасыл». Кейінірек балалар арасында COVID-19 жұқтыру деректерін ескере отырып жасты қайта қарастырамыз», – деп түсіндірді Байғабылов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button