Social

АЭС-ке атау беру конкурсы соңғы кезеңге жетті

25 қыркүйек сағат 12:00-де басталған Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына атауын таңдау бойынша жалпыхалықтық конкурс жалғасуда

Қатысу өте оңай. Ол үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын ашып, басты беттегі «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннерін басып, қысқаша форманы толтыру қажет, деп мәлімдейді ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

«Одан кейін қатысушы тілді (қазақ немесе орыс тілін) таңдайды, өз нұсқасын енгізеді және қаласа, оның мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Соңында конкурс ережелерімен танысқанын растап, ұсынысты жібереді», – делінген хабарламада.

Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-да аяқталады. Демек, өз идеяңызды ұсынуға бір-ақ күн қалды.

Конкурс ережелерімен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button