Social

ASTANA MEDICAL FORUM 2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ОЗЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігініңстатистикасы бойынша тыныс алу және жүрек-қантамырлары ауруларыеліміздегісырқаттанушылық пен өлім-жітімнің бастысебептерінің бірі. Бүгінде COVID-19 пандемиясымен маусымдық инфекциялардың өршуіпульмонологиялық көмекке деген қажеттіліктіарттырса, аритмия жағдайларының көбеюі жүрекауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңашешімдерін талап етеді.

Осы сын-қатерлерге жауап ретінде, Астана медицина университетінің 60 жылдық мерейтойыаясында өтіп жатқан «Astana Medical Forum 2024»халықаралық конференциясында екі жаңа ғылыми-зерттеу институты Тыныс алу медицинасы мен жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институттары ресми түрде ашылды. Аталмыш институттардың іскеқосылуы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінкүшейтуге, медициналық қызметтің сапасынжақсартуға және әлемдік стандарттарға сай келетінғылыми зерттеулерді дамытуға деген ұмтылыстыайқындайды.

Жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрескебағытталған, себебі бұл дерттер Қазақстанда ғанаемес, әлемде де өлім-жітімнің жетекші себептеріқатарында. Институттың басты міндеттерінеаритмология саласындағы зерттеулер жүргізу, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізужәне жоғары білікті мамандар даярлауға арналғанбілім беру бағдарламаларын дамыту жатады. Институт аритмияны емдеудің жаңа тәсілдерінжетілдіруге ықпал етеді, оның ішінденавигациялық карталау және заманауиқұрылғыларды имплантациялау технологияларынқолдану қарастырылған.

Тыныс алу медицинасы институты республикадағы тыныс алу ауруларымен күрескебағытталған. Институт елдегі пульмонологиялыққызметті ұйымдастырушылық-әдістемелікқолдауды қамтамасыз етеді. Оның негізгі мақсатытрансляциялық зерттеулерді дамыту, кадрлардыдаярлау жүйесін нығайту және телемедицина арқылы тыныс алу ауруларын диагностикалау мен емдеуде заманауи технологияларды енгізу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұлбастамаларға жан-жақты қолдау көрсете отырып, ұлттық медицинаны дамыту және халықтың өмірсүру деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстаржүргізуде. Екі институт та халықаралықынтымақтастықты дамытуға және әлемдікдеңгейдегі ғылыми зерттеулерге белсендіатсалысуға ниетті. Бұл Қазақстанның ғылыми және білім беру әлеуетін жаңа деңгейге көтеругетаптырмас мүмкіндік береді.

Тыныс алу медицинасы мен жүрек ырғағы ғылыми-зерттеу институттарының ашылуы Астана медицина университетінің халық денсаулығын жақсартуға және отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Университет өзжетістіктерін сақтап қана қоймай, оларды одан әрінығайтуға және арттыруға ұмтылысын дәлелдепотыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button