SocialБасты

1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 1411 бірыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай ішінде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтік мекенжай көмегіне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісіне белгіленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығына сәйкес бекітілді. Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы – әлеуметтік блоктың қызметкерлері.

Корпорацияның әлеуметтік саладағы рөлі тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейді. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердің 44 санаты бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Соның ішінде декреттік төлемдер, бала туу мен бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер бар, – деді мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бір жасқа дейінгі күтіміне қатысты жәрдемақы – 315 397, бір жасқа дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем – 206 082, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем – 154 499.

Басқа жаңалықтар

Back to top button