PoliticsБасты

Қазақстанның Ливан Республикасындағы Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, Расул Жұмалы 1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка елдері бөлімінде атташе, референт болып жұмыс істеді.

1995 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде 3-ші, 2-ші хатшы лауазымдарында жұмыс істеді.

1999 жылы – еліміздің сыртқы саясат қызметінің елшісі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз хатшысы.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде саяси топтың жетекшісі болды.

2003 жылы – Қазақстанның Израильдегі Елшісінің кеңесшісі.

2004-2005 жылдары – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Ливиядағы Елшісі.

2007-2008 жылдары – Еуразиялық банкирлер клубының атқарушы директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button