Басты
ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҰЗЫН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін алып өткел облыстағы алты ауданды байланыстырады.
Тәулігіне 80 мың көлік өткізуге қауқарлы. Мамандардың айтуынша бұндай ірі көпірдің халық игілігіне қызмет етуі алыс берісті арттырып, көлік-логистикасын күшейтіп, туризмнің дамуына өзіндік үлес қосады.
Қатынастың тауқыметін тартқан жергілікті жұрттың қуанышында шек жоқ. Бұқтырма су қоймасының жіңішке тұсынан осыдан 3 жыл бұрын басталған көпір құрылысы мерзімінен ерте бітті.
Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық жоба бір емес, бірнеше ауданды байланыстырады. Бірегей инфрақұрылымның тапсырылуын халық асыға күтті. «Енді туризм дамып, қатынас жеңілдейді», – дейді жергілікті жұрт.