SocialБасты

Қарағанды облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту

Қоғамдық даму ассоциациясы Қарағанды қаласында «Soсial Trust әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі» бағдарламасын ашады.

Бағдарламаға қатысушылар екі күндік тренингтен дәріс алады және жобаларды сарапшылар жеке-жеке сүйемелдейді. Сондай-ақ, Қарағанды қаласы мен облыстың танымал әлеуметтік кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдасытырылады.

Бағдарламаға қатысатын сарапшы-трекерлердің әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу тәжірибесі мол екенін айта кету керек.
Бағдарламаға қатысушы Гүлзина Балтабаева атап өткендей, BIZ.KZ бизнес инкубатор базасында әлеуметтік жобалармен жұмыс істеу тәжірибеміз жеткілікті. Әлеуметтік жобаларға жүргізген трекингіміз өте сәтті болды. Менің ойымша, биыл жұмыс тиімдірек болады, өйткені біз идеяларды қалыптастыру және жобаларды іріктеу басталған сәттен командаға кіреміз.

Гүлзина Балтабаевадан бөлек бағдарламаға Әсел Сейфуллина, Ақтөре Барлыбаев, Бексұлтан Маукенов қатысады.
Қазіргі уақытта қауымдастық өтінімдерді жинаумен айналысады. Трекерлер онлайн режимінде жұмыс істейді және әр жобаны қолдайды. Бизнес инкубациялаудың нәтижесі жобаның нысаналы тобының тестингтік дайын «өнім», инвестор үшін аяқталған бизнес-жоспар болады.

Еще новости

Back to top button