Ірі кәсіпорындар экомониторинг жүйесімен жабдықталады
Барлық ірі ластаушы кәсіпорындар жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.