Басты

Н.Нығматулин: Мәжілістің жаңа сессиясы маңызды әлеуметтік заң жобаларын қарайды

Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне кіріспес бұрын VII шақырылымдағы I сессияның ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың депутаттық корпусқа жүктеген нақты міндеттері туралы айтты.   Нұрлан Нығматулин атап өткендей, VII шақырылым  Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл, Парламенттің құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде  өз жұмысын бастап отыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, Мемлекет Басшысы  сессияның ашылуында бүгінгі жеткен жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, саяси бағыттарға баса  назар аударылатынын жеткізген Мәжіліс Төрағасы: –

Олардың барлығын тиісті заңдармен қамтамасыз ететін ол, әрине, біздің Парламент. Сол үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдар  талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар, ең алдымен, халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес, өз уақытында, халыққа қажетті, пайдалы заңдар қабылдау, – деді Нұрлан Нығматулин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button