Басты
Шахрат Нұрышев Парламенттік сайлаудағы Түркі кеңесінің байқаушыларымен кездесті
![](https://jana-kezen.kz/wp-content/uploads/2021/01/b26a0b35f0c0226f2873e63ed09e718f_original.4597549-780x470.jpg)
Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауды бақылау үшін келген Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бақылаушылар миссиясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында қонақтарға сайлау науқаны мен рәсімдер туралы ақпарат ұсынылды. Тараптар Түркі кеңесі аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.