FinanceБасты

Қаржы реттеушісі бірқатар МҚҰ-ға, ломбардтар мен банктерге шаралар қолданды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жылғы қараша айының қорытындысы бойынша банктерге, микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты ұсыным шараларын, 13 айыппұл және 14 жазбаша ұйғарым шығарды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР облыс орталықтарында жүргізілді.

Жүргізілген мониторингтің шеңберінде «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ-қа қатысты жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы қолданылды. Банк уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіпте көзделген қарыз шарты бойынша өтеу кестесінің нысанын сақтамаған. Осы тәртіпте банктік қарыз шартын жасау қағидалары, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімдеуге, міндетті талаптарына, қарызды өтеу кестесінің нысанына және қарыз алушыға арналған жадынамға қойылатын талаптар жазылған.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын мынадай: «Грандъ-Ломбард», «Ломбард Status&Ko», «Ломбард Народный Kz», «Рантье Kz», «Партнер-Ломбард», «Ломбард «Агат-Т» және «МФО Жедел ақша» ұйымдарға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін арттырғаны үшін 7 жазбаша ұйғарым ұсынылды. Тағы да жеті жазбаша ұйғарым микрокредит беру туралы үлгілік шарттың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жасалды.

Ломбардтардың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпегені үшін 13 айыппұл салынды. Атап айтқанда, «Золотой 585 – Ломбард» ЖШС, «МҚҰ «Макс-М» ЖШС, «Д.М. Автоломбард» ЖШС, «Goldmine Ломбард» ЖШС, «Нұр Ломбард 2016» ЖШС, «Ломбард Фаворит Авто Қостанай» ЖШС, «Ломбард Миллион-М» ЖШС, «Ломбард – сервис 2013» ЖШС, «Ломбард «Деньги населению» ЖШС, «Тех.ломбард» ЖШС, «Ломбард LUX Kostanay» ЖШС, «Ломбард «Доступные кредиты+» ЖШС, «TAS CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС.

Сақтандырушылар арасында және бағалы қағаздар нарығында заңсыз әрекеттер фактілері бойынша заң бұзушылықтар болған жоқ.

Агенттік сонымен қатар микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген, бірақ өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырған ломбардтар анықталды. Агенттік осындай ломбардтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде,        сондай-ақ мәжбүрлеп тарату туралы талап арыздарды беруді жалғастыруда. Агенттік қаржы және басқа ұйымдар ұсынған құжаттар мен ақпараттар  негізінде мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ, жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер ескерілді. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен банктердің мобильді қосымшалары тексеріліп, телерадиоарналардағы, қоғамдық көліктердегі, мерзімді басылымдардағы жарнамалар және сыртқы жарнамалар бақылауға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button