FinanceБасты

Маңғыстау облысында бірнеше кәсіпорын басшылығы салық төлеуден жалтарған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңды және жеке тұлғалар тобына қатысты аса ірі көлемде салықтарды төлеуден жалтарудың екі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, бірінші жағдайда «СпецКомунСтрой KZ» ЖШС 2014-2018 жылдар аралығында серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған жеткізушілерден – «Ринат Актау» ЖШС, «Бори Актау» ЖШС жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жеткізбей шот-фактураларды алған. Бұл ретте, Маңғыстау облысының МАЭС шешімімен аталған кәсіпорындар арасындағы мәмілелер заңсыз деп танылды.

Құжаттық салық тексерісінің актісіне сәйкес «СпецКомунСтрой KZ»  ЖШС-нің есептегенге дейінгі сома 163 млн. теңгеден асты. Мұнайлы аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. бойынша айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостантығын шектеу жазасы тағайындалды.

Екінші дерек бойынша басқа кәсіпорынның басшысы 2013-2017 жылдар аралығында дәл солай серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған тұлғаға тіркелген жалған жеткізушіден 5 миллиард теңге сомасына жалған шот-фактураларды алғаны анықталды. Яғни, кәсіпорын 2 миллиард 225 миллион теңге сомасына салық төлеуден жалтарған. Ақтау қаласының мамандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша іс фигуранттарының бірінің жылжылмайтын мүлкіне 2 миллиардан астам теңге сомасына тыйым салынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 245-б. 3-т. бойынша қылмыстық іс Жаңаөзен қалалық сотында қарастырылу кезеңінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button