Басты

Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан мен Польша Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізілді. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан, Польша тарапын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Марчин Пшидач басқарды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың ахуалы және даму келешегін талқылады. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңіраралық өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Өңірлік және жаһандық күн тәртібінің ағымдағы мәселелеріне қатысты жан-жақты және тиімді пікір алмасты.

Делегация басшылары «COVID-19» пандемиясының салдарын еңсеру бойынша өзара тиімді көмек пен бірлескен күш-жігерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польшаның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button