Басты
Бір тәулік ішінде Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 147 авиажолаушы келді
2020 жылғы 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
992 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 845 адам, анықтамасыз 147 адам – ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 449 жолаушы, анықтамамен – 324, анықтамасыз – 125;
- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен – 392, анықтамасыз – 20;
- Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен – 39, анықтамасыз – 1;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен – 90, анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.