Басты

«Сергек» камералары «қауіпті автокөліктерді» анықтайды

Иелері жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралдарының нөмірлерін енді жүйе анықтайды.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

«Егер жолдағы камералар мұндай машиналарды анықтаса, олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі.  Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді.  Әрі қарай, мұндай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады», – деді Малика Бектұрова.

Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 108 адамды жауапқа тартты.  Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button