SocialБасты

Елордалық үкіметтік емес ұйымдарға қаланың экологиялық картасын әзірлеу ұсынылды

«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» IX Азаматтық форумы барысында ҮЕҰ экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысуға шақырылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бүгінгі таңда қоғамдық ұйымдардың көпшілігінде осындай қызмет түрлері бар. Негізінен олардың жұмысы гендерлік қатынастар жағдайына, адам құқықтарына, қайырымдылыққа және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Қазіргі уақытта қалада қоршаған ортаны қорғау бағытында 16 ҮЕҰ бар. Осыған байланысты, мен осы саладағы ҮЕҰ-ға бірігіп, Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық картасын әзірлеуді ұсынамын. Бірлескен күш-жігермен біз қоршаған ортаны сақтаймыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Бұған дейін IX Азаматтық форум барысында елордадағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыруды 30%-ға арттыру туралы тапсырма берілгені хабарланған болатын. Сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыс жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button