EducationБасты

Нұр-Сұлтанда жас саясаттанушылардың онлайн мектебі басталады

2020 жылдың 12 мен 14 қарашасы аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Policy Camp» Республикалық жас саясаттанушылардың онлайн мектебі өтеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz 

Жоба аясында саясаттанушылар мен сарапшылардың қатысуымен диалог алаңы, онлайн семинар-тренинг, сондай-ақ мектеп қатысушылары арасында онлайн-дебат ұйымдастырылады.

Жас саясаттанушылар мектебі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтеді.

Жобаға қатысуға еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық дамуына қызығушылық білдіретін белсенді жастар шақырылады.

Жас саясаттанушылардың онлайн мектебіне қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSaOWxUS_HLb1ECjBVm720-V4s1G7nnlvrKWFPqyBYP9sgwA/viewform?fbclid=IwAR2US_iNxF9mcidtUDTYt_n7rXKF_qZcgDJGjSfpsALLwJT5XNBL3oxpA3o

Басқа жаңалықтар

Back to top button