EducationБасты

Білім беру ұйымдарының барлығы «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшеді

2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы білім беру ұйымдарының барлығы «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшуді бастайды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды, есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға және қаржыны тиімді пайдалануды арттыруға жағдай жасайды»,- делінген  Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Білім беру саласын қаржыландыру жылдан жылға артып келеді.
Әрине, оның қаншалықты жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігі туралы көп айтуға болады. Алайда, сол бөлінген қаражатты тиімді пайдалану маңыздырақ.

Бұл жүйе Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарында пилоттық жоба ретінде апробациядан өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button