EducationБасты

Жоғары білім саласында қандай өзгерістер болды?

Қазіргі уақытта елімізде 128 жоғары оқу орны бар. 25 мемлекеттік ЖОО 100% мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғам (КЕАҚ) болып қайта құрылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орындарында директорлар кеңестері құрылды, құрылымы мен штат саны бекітілді.

Жоғары оқу орындарында есептілік қысқартылды. Енді сынақ кітапшалары, комиссия хаттамалары, оқытушылардың оқу уақытын есепке алу ведомостары, кафедраның жұмыс жоспары және тағы басқа құжаттарды толтырудың еш қажеті жоқ.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді қабылдайтын ЖОО тізіміне 36 оқу орны кірген жоқ.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс құны 342 мыңнан 955 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635 мыңнан 1 082 600 теңгеге дейін өсті.

Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1 307 000 теңгеден 1 900 000 теңгеге дейін өсті.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы кем дегенде 25 пайызға өсті. Бұл мемлекеттік тапсырыс құнынын арттыру арқылы мүмкін болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button