Қазақстанның ең ауқымды банкі «Halyk Bank» заңды тұлғаларды бағалы сыйлықтар ұтыс ойынына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Halyk Bank-тің жаңа науқанына қатысып, Samsung XCover 4S он смартфонының біреуін ұтып алу үшін бар болғаны банктің заңды тұлға ретінде тіркелген клиенттері Halyk Pos тегін мобильді қосымшасын жүктеп, орнатып және оны іске қосу қажет.
«Жарияланған науқан 2020 жылғы 1 қарашадан 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасады. Ұтыс ойынның шарттары өте қарапайым. Орнатылған Halyk Pos қосымшасы көмегімен VISA карталары бойынша айына кемінде он транзакция қабылдауы тиіс және әрбір жүргізілген операцияның сомасы 500 теңгеден кем болмауы қажет. Тауар немесе қызмет үшін қабылданған төлемдер қайтарылса, ол транзакциялар ұтысқа қатыспайды», – делінген мекеме таратқан хабарламада.
Samsung XCover 4S смартфоны иелері Halyk Bank-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында, тікелей эфирде, кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен анықталады.
Жеңімпаздар 3 кезең бойынша жарияланады: 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін, 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін және 2021 жылғы 15 ақпанға дейін.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, науқанға банктің және Halyk тобының қызметкерлері, сондай-ақ Банкпен тығыз қарым-қатынастағы тұлғалар қатыса алмайды.
Естеріңізге саламыз, Visa Tap to Phone технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы басқа жабдықсыз, өзге құралдарды қолданбай-ақ жеке Android смартфонды POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі.