Басты

Будапештте «Абай орталығы» ашылды

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде «Абай орталығының» ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Мажарстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, сол елдегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін оқып жатқан және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан мажар студенттері қатысты.

Елші Жәнібек Әбдрашов өзінің алғы сөзінде Орталықты ашудың мақсаты қазақ мәдениетін, өнері мен әдебиетін насихаттау, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері мен мажар студенттеріне қазақ тілі мен әдебиетін, сонымен бірге оларды ұлттық музыкалық аспаптарда оқытуда көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара барысында студент жастардың өкілдері Абайдың өлеңдері мен әндерін, сондай-ақ «Қара сөздерінен» үзінділерді қазақ және мажар тілдерінде оқыды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button