Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалуда
Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы таныстырылады. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен онлайн режимдегі «Жастар және инновациялар» форумында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын әзірлеп жатыр. Осы жылдың қараша немесе желтоқсан айларында Орталық коммуникацялар қызметінің алаңында біз оны таныстырып, әр пунктін түсіндірсек дейміз. Ең бірінші кезекте жұмыс бағдары 2015 жылы қабылданған мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жүзеге асыруға бағытталады. Ол заң жастарды қолдау мен жастар саясатын орталық және аймақтық деңгейде жүргізу бойынша 10 бағыттан тұрады. Егер нақты бір ұсыныстар болса жастар ісі жөніндегі комитет арқылы оны біз кешенді жоспарға енгізуге дайынбыз», – деді вице-министр .