Басты
ШҚО-да ЖҚЖК аясында абаттандыру бойынша 142 жоба жүзеге асырылуда
Энергетика және ТКШ басқармасында Абай, Аягөз және Бородулиха аудандарын абаттандыру жобалары туралы айтылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ТКШ саласында абаттандыру бойынша 142 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталып, келісімшарттар жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Жобалардың басым бөлігі аяқталды. Ведомство өкілдері облыстың үш ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді
Абай ауданының Қарауыл ауылындағы 27 пәтерлі тұрғын үйдің ауласы, сондай-ақ Құнанбай көшесі абаттандырылып, Зере, Сүндетбай, Құтжанов көшелерінің көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді, Бекбосынов және Әйгерім көшелеріне жарықтандыру тартылды.
Аягөзде Нугманов, Шакенов көшелерін, Мәдениет ауылындағы Ақжолтай және Шакантай көшелерін, Малкелді ауылындағы Сарыарқа көшелерін, Мамырсу ауылындағы Төлендинов және Алтынсарин көшелерін, Ақтоғай кентіндегі Балтабекқажы көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Баршатас ауылында балға, Шахантай, Сарыарқа көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Аягөз қаласында 8 спорттық воркаут алаңдары ашылып, аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бородулиха ауданының Белағаш және Зенковка ауылдарында көше жарығы қамтамасыз етіліп, Телеграф, Комаров және Ленин көшелерінің жарықтандыру жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ивановка және Бородулиха ауылындарында футбол алаңдары пайда болды.