Қазақстан халықаралық әуе рейстердің санын қысқартады
Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Комиссияның бүгінгі шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі.
Бұдан бөлек, 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді.
Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.