ӘлемБасты

COVID-19 екпесін салдырғандар карантиннен босатылады

Шри-Ланка үкіметі COVID-19 вакцинасын салдырған туристерге елге карантиннен өтпестен кіруге рұқсат береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz басылымы The Morning сайтына сілтеме жасап.

Елдің бас эпидемиологы Судат Самаравираның айтуынша, жақында Туризм министрлігі денсаулық сақтау органдарына шетелдіктерді қабылдау ережелерін өзгертуді сұраған. Жаңа ережелер бірнеше күн ішінде күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Сонда Шри-Ланкаға COVID-19-ға қарсы толық вакцинациядан кейін келгендер карантиннен толық босатылады.

Қазір туристер ұшуға дейін 96 сағат ішінде жасалған ПТР-тест нәтижесі теріс болғанда ғана елге кіре алады. Сондай-ақ, елге жеті күнге дейін келген турист екі рет, ал жеті күннен ұзақ уақытқа келген турист үш рет ПТР-тест тапсыруы керек.

Сонымен қатар, министрлік денсаулық туризміне қатысты медициналық ұсыныстарды жеңілдетуді сұраған, өйткені шетелдік қонақтар Шри-Ланкаға көбіне салмақ тастау, стресс жеңілдету және детоксикация, медитация және йога сабақтарына қатысу үшін келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button