EcoБасты

Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» мамандары 19 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Дүйсенбі күні – Атырау, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, ал түнде Қарағанды мен Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button