Басты

Қарағандылықтар жаңа көліктерін автосалоннан шықпастан тіркей алады

Қарағандыда,  Гапеев көшесі, 1б, «Бахус» автосалонында   автомобиль  сатып алу кезінде көлік құралын бірден есепке қою  мүмкіндігі пайда болды.  Енді мамандандырылған ХҚКО-на  жүгінудің қажеті жоқ, себебі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері аталмыш қызмет түрін сол жерде көрсететін болады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» Қарағанды облысы бойынша филиалы  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ыңғайлы болу үшін  тікелей автосалоннан автомашинаны тіркеу секторын ашты. Бұл Мұқанов көшесі, 5-ші үй мекенжайы бойынша орналасқан, қолданыстағы мамандандырылған ХҚКО жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта көлік құралын есепке қою мен есептен шығару қызметтерін онлайн форматта пайдалануға  сұраныстың көбейгенін  айта кеткен жөн, яғни мәміле жөніндегі барлық рәсім  www.egov.kz электрондық үкімет порталында жүргізіледі, ал жаңа көліктің иесі мамандандырылған ХҚКО-на тек дайын нөмір белгілері мен техпаспортын алу үшін ғана жүгінеді.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 15 мыңнан аса қарағандылықтар көлігін онлайн тәсілмен қайта тіркеуді қалаған. Сонымен қатар, 114 мың азамат автокөлігін мамандандырылған ХҚКО арқылы дәстүрлі тәсілмен ресімдеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button