TechБасты

Елордалық ТЖД 3Д-мұражайын құрды

Азаматтық қорғау органдары құрылуының 25 жылдығы қарсаңында елордалық ТЖД цифрлық форматта өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайын ашты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпараттық технологиялар елордалық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайына да жетті, мұнда кез-келген уақытта мұражайға баруға болады.

Барлық әлемдік мұражайлар цифрландыруды жүргізуде. Фотогаллерея, видео, виртуалды турлар. Виртуалды турдың ең жақсы құралы – бұл 3D тур. 3D турлар мұражай залдарында виртуалды серуендеуге, жеке жұмыстарды егжей-тегжейлі қарастыруға және әр экспонат туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сайтта орналастырылған немесе көрерменге тікелей сілтеме арқылы жіберілген ол мұражай экспозициясымен әлемнің кез келген нүктесінен танысуға – залдарды аралап, экспонаттарды көруге мүмкіндік береді. Пандемия жағдайында бұл екі есе өзекті.

Мұражайды көргісі келетіндерге сұрау салудың және бөлімге барудың қажеті жоқ – тек сілтеме бойынша өтсеңіз болды http://evgeniyvolkov.com/pano/fighters/  немесе Департаменттің ресми сайтының «ТЖД Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайы» бөліміне кіріп, нағыз батырлар әлемінде болып, керемет эмоцияларды сезінуге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайы 2014 жылы жаңартылған экспозициямен қайта жаңартудан кейін өз есігін қайта ашты. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында өртке қарсы қызметтің символы болып табылатын өрт сөндіру автокөлігінің тұғыры орналасқан.

Мұражайда 3 зал бар, олардың әрқайсысында ерекше материалдар қойылған. Бірініші  көрме залында елорданың өртке қарсы қызметінің қалыптасу тарихын білуге болады.     Департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшыларының өмірбаяндары бар стендтер, сондай-ақ ҰОС және ТЖ органдарының ардагерлеріне арналған стендтер мұражайға кіре берісте орналасқан.  Одан әрі залда 1950 жылғы бірінші өрт депосының макетін, офицерлердің салтанатты формасын, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, өрт-техникалық қару-жарағын: өрт оқпанын, өрт жеңін көруге болады. Сондай-ақ зал қабырғаларында қызметкерлердің жұмыс кезіндегі фотосуреттері көрсетілген.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мамандығы ең қауіптілердің бірі болып саналады. Өкінішке орай, елордалық ТЖД тарихында да зардап шеккендер дер болды және біраз қайғылы жағдайлар да орын алған болатын. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан құтқарушылар туралы «Еске алу» бөлмесіндегі экспонаттан көруге болады.  Бұнда батырлықпен қаза тапқан өрт сөндірушілер туралы  еске алу тақтасында фотосуреттер, олардың каскалары мен жауынгерлік киімдері ұсынылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button