Басты

Нұр-Сұлтанда 4 ауданының әкімі Open space форматында жұмыс істейді

Елордадағы 4 аудан әкімі кабинеттерін бірінші қабаттан ашып, тұрғындардың қабылдауға келуіне қолайлы жағдай тудырды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қыдырбаев «Antikor.Live» жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың 4 ауданының әкімі Open space форматы бойынша жұмыс істейді. 4 аудан әкімі кабинеттерін бірінші қабаттан ашып, халықтың қабылдауға келуіне қолайлы жағдай жасады. Мектеп директорлары да кабинеттерін бірінші қабатқа ауыстырып жатыр. Бұрын мұндай жерге барғанда кезекке тұратын, қазір бәрі бір терезен құжат тапсырып, құжат алады», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті былтыр жаңа ғимаратқа көшті.

«Жаңа ғимараттағы кабинеттерде ашық терезе жүйесі орнаған. Барлық қызметкерге жағдай жасалды. Жағдай жасалған соң ұжымнан да жақсы көрсеткіш сұраймыз», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button